Ваш город: Не выбрано

«Табигат» қауымдастығы, аңшылық билетін беру, қалай аңшы боламын, аңшылық билетін алу



Поиск  Пользователи  Правила 
Закрыть
Логин:
Пароль:
Забыли свой пароль?
Регистрация
Войти
 
Страницы: 1
RSS
«Табигат» қауымдастығы, аңшылық билетін беру, қалай аңшы боламын, аңшылық билетін алу
 
Құрметті Қазақстан аңшылары!



"Табиғат" аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің Республикалық Қауымдастығы ("Табиғат" қауымдастығы) Қазақстан аңшысы куәлігін (аңшылық билетін) алу үшін емтихан тапсыруға қажетті аңшылық минимумын оқыту бойыншы Online бағдарламаның жұмысы басталғаны туралы хабарлайды!



Бұдан басқа, аңшы куәлігін жоғалту немесе қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты ауыстыру қызметі қолжетімді.
Аңшылық минимум - бұл аңшы болуға дайындалып жүрген республиканың әрбір азаматы алуға тиіс қажетті білім кешені. Бұл міндетті курс елдің жануарлар ресурстарын және аң аулау ережелерін реттейтін заңдарды, сондай-ақ алғашқы көмек көрсету негіздері мен қауіпсіздік ережелерін қамтиды, сізді аңшы құқықтары мен міндеттерімен таныстырады.



Аңшылық минимумына оқыту ережелеріне сай, міндетті 16-сағаттық бағдарлама қарастырылған, Сіз оны оқып шығуыңыз керек. "Табиғат" қауымдастығы біздің білім беру интернет порталы арқылы ыңғайлы уақытта және үйреншікті жағдайда тыңдауға болатын бейне дәрістердің толық курсын дайындады.
Сіз сайтта "Аңшылық минимумын оқыту" немесе "аңшы куәлігін (аңшылық билетін) ауыстыру" қызметін таңдағаннан кейін тіркеуден өтіп, төлем жүргізуіңіз қажет. Осылайша аң аулау минимумының екі айлық онлайн курсына қол жеткізесіз, сіз біздің курста тек міндетті емес, сонымен қатар қосымша тақырыптарды да оқи аласыз. Бейне дәрістердің қосымшалары мен бақылау сұрақтары бар. Емтихан тапсыруға дайын болуыңызға қарай, сіз өз аймағыңызда тапсыру күні мен уақытын брондай аласыз және біздің филиалдарымыздың бірінде емтиханды офлайн режимінде тапсыруға мүмкіндігіңіз бар, ол жерде тесттен өткен жағдайда аңшылық минимум бойынша курстардан өткені туралы сертификат және Қазақстан Республикасының аңшы куәлігін аласыз.



Егер сіз емтиханды тапсыра алмасаңыз, бір айдан кейін қайта тапсыру мүмкіндігіңіз бар.
"Табиғат" Қауымдастығы қызметінің құны: аңшылық минимумға оқыту - 18000 тг (он сегіз мың теңге) құрайды.
Аңшы куәлігін ауыстыру - 8000 теңге (сегіз мың теңге).
Зейнеткерлер мен мүгедектер үшін 50% жеңілдік қарастырылған.
"Табиғат" ҚАБҚ, ТАБ, Охотник KZ мүшелері үшін аңшылық минимумды оқыту бағасы 16000 тнг (он алты мың теңге).
Аңшылық билетін ауыстыру - 7000 тнг (жеті мың теңге).



Сонымен қатар, аңшылық билетін алмас бұрын сіз 2 АЕК мемлекеттік баж салығын төлеуіңіз қажет.
Аңшы куәлігін алу және ауыстыру қызметтерін пайдаланған барлық аңшылар аңшы билетін алған сәттен бастап 2 ай мерзімге өз қажеттіліктеріне қарай, "Табиғат" қауымдастығының серіктес дүкендерінен аңшылық тауарларын 25% жеңілдікпен сатып алу құқығына ие болады. Жеңілдіктер OUTDOOR MERGEN www.prohunt.kz, Охотник KZ www.ohotnik-shop.kz дүкендерінде ұсынылады.

* сатылым тауарына жеңілдіктер берілмейді
Страницы: 1
Читают тему
Список просмотренных товаров пуст
Список избранного пуст
Ваша корзина пуста
AlfaSystems GoPro GP261D21